Сіздің клиенттеріңіз қолма-қол ақшасыз аударымдар мен төлемдерді қабылдай және жібере алады
Біздің қызметіміз клиенттер арасында жедел түрде қаражат жөнелтуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларға негізделген
Жылдам
Тауарлар мен қызметтер үшін төленген қаражат банктік шотқа немесе электрондық әмиянға жедел түрде түседі. Қаражаттың әп-сәттік қолжетімділігі оның айналымдылығын арттырып, кассалық алшақтық тәуекелін азайтады
Қауіпсіз
Төлем жасалғаннан кейін ақшалай қаражаттың түсуі кепілдендірілген
Ыңғайлы
Сатып алушы тек ЛТЖ қатысушыларының бірі болып табылатын банк қолданбасы арқылы QR-кодты сканерлеп, қызметтің сатып алынғанын және төленгенін растайды
Арзан
Қаражаттың қайдан келіп түсетініне қарамастан, комиссия төлем сомасының 1%-нан аспайды және банк карталары арқылы төлеумен салыстырғанда эквайрингтен үнемдеу мүмкіндігі бар
Егер сатып алушы QR-төлемді қолданатын болса, сатып алушының шоты ЛТЖ-ға қатысушы басқа банкте ашылған жағдайда, менің мерчант шотыма ақша қаншалықты тез түседі?
Банк-эмитентке қарамастан, ақша сіздің шотыңызға әп-сәтте түседі, яғни шотыңыздың теңгерімі төлем жасалған соң бірден толығады.